НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында демалыс күндері қатты жауын-шашын мен жел болжанып отыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мүмкіндігінше көшеге шықпауға кеңес берді.
Синоптиктердің болжамынша, 14 мамыр күндіз және 15 мамыр тәулік бойы қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайды. Ал 15 мамырда бұршақ түседі деп күтілуде. Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігінше шықпаңыз. Көліктерді ағаш түбіне қалдырмаңыз!", - делінген ТЖД хабарламасында.
Сондай-ақ Алматы тауларында 14 мамыр күндіз, 15 мамыр тәулік ішінде қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқырайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. 15 мамырда жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді .
ТЖД қызметкерлері азаматтардан тауға шықпауды сұрады.