НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда жаяу жүргіншілер жолында көлік оқушы қызды қағып кетті.
Оқиға бүгін сағат 12.25-те болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Subaru көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесінің бойымен келе жатып Жібек жолы көшесінің қиылысында 2010 жылғы қызды қағып кетті.
Қыз соққы салдарынан жарақат алып, бірінші балалар ауруханасына жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, көліктің қызды қағып кетуіне жол бөлігінің ағаш жапырақтарымен көлегейленіп тұруы себеп болған.