Әлем

Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы БАӘ президенті болды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Іс жүзінде елді соңғы сегіз жыл бойы басқарған астаналық әмірліктің тақ мұрагері ел билеушісі әрі ағасы Халифа бен Зейд қайтыс болғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа президенті атанды, деп хабарлайды РИА Новости әмірліктегі WAM агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлау туралы шешімді Жоғарғы федералдық кеңес қабылдады.
Сенбі күні кеңес құрамына кіретін басқа алты әмірліктің билеушілері мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айту үшін Мұхаммед бен Зейдтің сарайына жиналды.
Мемлекеттік агенттіктің хабарлауынша, "Жоғарғы федералдық кеңес Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Зейдті Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті етіп тағайындау туралы шешім қабылдады".
Елді 2004 жылдан бері басқарып келген Біріккен Араб Әмірліктерінің бұрынғы президенті жұма күні ұзаққа созылған науқастан кейін 73 жасында қайтыс болды.