Видео

Желіде жолаушылар мінген ұшақтағы өрттің видеосы жарияланды

Видеода әуежайдағы өртті сөндіру сәті түсірілген. Өртке оранған ұшақ бортында жүзден астам адам болған, олардың жартысына жуығы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Sputnik
Бортында 122 жолаушы, оның ішінде 9 экипаж мүшесі болған Қытай әуе лайнері ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген.
Ұшақ Tibet Airlines компаниясына тиесілі екені анықталды.
Оқиға Қытайдың Чунцин қаласындағы "Цзянбэй" халықаралық әуежайында болды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ бортындағы өрт салдарынан 40 адам зардап шекті. Олар эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді.
Әзірге апаттың себебі хабарланған жоқ.