Өңірлер

Петропавлда терең жарықшағы бар көпір тағы жөндеуге жабылды

Қала тұрғындары көпірге жыл сайын жөндеу жүргізілгенімен, оның ақауы реттелмегеніне шағымданып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Петропавлда жыл сайын терең жарықшақ пайда болатын көпір жөндеу жұмыстарын жүргізуге тағы жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Теміржол үстінен өтетін және қала мен Рабочий ауылын байланыстырып тұрған бұл өтпежол 1960-жылдары салынған. Өте көп көлік өтетін көпірдің сол уақыттан бері тек асфальт жабыны жөнделген. Соның салдарынан көпірде жарықшақ пайда болып, апатты жағдай туындады. 2014 жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында көпірге реконструкция жүргізуге бюджеттен 567 миллион теңге бөлінді.
Одан кейін алматылық "А.Рязанов атындағы 25 көпір құрылысы жасағы" ЖШС кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. Көлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолының асфальт-бетонды жабынын қолдану арқылы барлық темір-бетон арқалықтары мен негізгі металл конструкциялары, жол өтпелі конструкциялары ауыстырылды, сонымен қатар түйіспе желісі қайта жабдықталып, жарықтандыру бағаналары ауыстырылды. Жолдың жүру бөлігі 9 метрден 10 метрге дейін кеңейтілді.
Көпір астындағы теміржол арқылы Оңтүстік-Орал теміржолы бөлімінің жолаушылар және жүк пойыздарының үздіксіз қозғалуына байланысты жұмысшылар жөндеу жұмыстарын тек түнгі уақытта жүрргізген. Мердігерлер жаңартылған көпір ұзақ уақыт қызмет етеді деп уәде етті. Бірақ келесі жылы-ақ асфальт жабынында жарықшақ пайда болып, бордюр тақтасы қирады. Кепілдік міндеттемесі аясында "25 көпір-құрылыс жасағы" кәсіпорны көпірде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.
Бірақ 2020 жылы көпір қайтадан бүліне бастады. Жарықшақ арқылы төменде кетіп бара жатқан пойыздарды көру мүмкін болды. Сол кезде әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол өтпелінің осы учаскесіне тексеру жүргізді. Жергілікті билікке ақауларды түзету бойынша ескерту жолданды.
Ал қалалық ТКШ бөлімінің мамандары жобалау ұйымымын өкілдерімен осы аумаққа тексеру жүргізілгенін, "бұл үрейлі көрініс болғанымен, көліктер төменге құлап кетуі мүмкін емес" екенін айтты. Нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп, жарықшақты бітеді.
Алайда арада жыл өтпей жатып-ақ көпір тақталары қайта ажырап, асфальт қайтадан жарықшақтана бастады. Бұл аумақтағы қозғалыс расында да қауіпті болып, көпір 2021 жылдың қазанында жөндеуге жабылды. Кезекті реконструкциялауға бюджеттен 21 миллион теңге бөлінді. Бірақ апатты көпірі жөндеу жұмыстарының сапасына Петропавл тұрғындарының көңілі толмады.
Осылайша 2022 жылдың наурызында шу болған көпір жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тағы жабылды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі биыл көпірді жөндеу жобасының аяқталатынын хабарлады.
"Асфальт-бетонды жабынның құрылысы бойынша бойынша жұмыстар қалды. Ақаулы түйісу аумақтардың конструкциясы өткен жылы техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізілді. Жұмыстар асфальт төсеуге тыйым салынатын аязды мезгілде аяқталды. Сондықтан қоспаларды пайдалану арқылы монолитті бетоннан уақытша жабын төсеу туралы шешім қабылданды. Бұл көлік қозғалысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді", - деді бөліммнің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Жөндеу жұмыстары 10 күн ішінде аяқталады деп уәде берді. Осы уақыт ішінде көпір көлік қозғалысы үшін жабық болады. Бұл Рабочий поселок ауылының тұрғындары үшін үлкен жайсыздық тудырып отыр. Себебі олар қалаға келіп-кету үшін айналма жолмен жүруге мәжбүр. Бұл жолға кететін уақыт пен шығынды ұлғайтып отыр.
Қалалық бірқатар автобус бағдары да өзгерді. Тасымалдаушылар көпірді жөндеу салдарынан әрір автобус үшін жол ұзақтығы күніне 100 километрге ұзарды.