НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы премьер-министрдің тергеуге алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда "Асқар Маминге қатысты тергеу басталды" деген ақпарат тараған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Асқар Маминге қатысты айтарым, қазір ол адамға қатысты қылмыстық іс жоқ. Агенттікте оған қатысты ешқандай іс өндірісте жоқ", - деді Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, агенттік BI Group басшыларына қатысты тергеудың басталғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.