Оқиға

Түркістан облысында бір жасар бала даладағы әжетхана шұңқырына түсіп кетті

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды.
Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бес құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің үш қызметкері және полиция департаментінің екі қызметкері жұмылдырылды.
Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.