НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" РМК бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Петропавл қаласында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Қарағанды облысының батысында, ал күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай жарқырайды, жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының шығысы мен солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз найзағай ойнайды, желдің екпіні 18 м/с дейін барады.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында найзағай жарқырайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Желдің екпіні басым бөлігінде 15-20 м/с, ал батысында 23 м/с болады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.