АЛМАТЫ, 12 мамыр — Sputnik. Екі жаңа метро станциясы - "Сары-Арқа" және "Момышұлы" биыл маусым айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
"Әуезов ауданының "транзиттік" жерде тұрғанына байланысты көлік ағынының шамадан тыс жүктемесі байқалады. Бұл Әуезов ауданының тұрғындарына ыңғайсыздық тудырады", – деп атап өтті Ерболат Досаев.
2022 жылдың маусымында Әуезов ауданында орналасқан метрополитеннің екі станциясы – "Сары-Арқа" және "Момышұлы" іске қосылады. Бұл метроның күнделікті жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Төле би көшесін өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін әкімдік 270 жер учаскесін босатуы қажет. Әкімнің айтуынша, 63 учаске бойынша сатып алу бағасы келісілген, 207 учаске бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.