Ал күтілген нәтиже Британ премьер-министрімен бірлескен мәлімдеме болатын, деп хабарлады журналистерге ресейлік күш құрылымдарындағы ақпарат көзінің бірі, деп жазды РИА Новости.
РФ Қарулы күштері 7 мамырда Змеиный аралын басып алуға қарсы бірнеше шабуылға тойтарыс берді.
Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенковтың айтуынша, Украина әскері 14 ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ 30 пилотсыз ұшақтан және жеке құрамның 50 адамынан айырылды.
"Змеиный аралына шабуыл жасау туралы бұйырықты Зеленский берді және 9 мамырға қарай БАҚ-та жариялауға тұратын нәтиже талап етті. Расталған ақпаратқа қарағанда Валерий Залужный мен оның басштабы өздерін құртуға бағытталған бұл операцияға қарсы болған", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл әрекет Украина үшін соққы болды. Жеңіс күні қарсаңындағы пиар-акция ондаған әскерилердің өліміне алып келді.
Конашенковтың айтуынша, Змейный аралы маңында үш Су-24 бомбалаушысы мен Су-27 зымыраны жойылды.
Украина 10 тікұшағынан айырылды. 10 мамырда Змеиный аралы маңында Ресей Украина тарапының тағы бір пилотсыз ұшатын "Байрактар-ТБ2" аппаратын жойды.
Генералдың айтуынша, бүгін арал маңында тағы үш украина диверсанттарының мәйіті табылды.
"Қазір Змеиный аралында Киев операциясының сәтсіз аяқталуынан кейін 27 украиндық әскеридің мәйіті қалды", - деді ол.