НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттық кезінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі сауда-саттықта АҚШ валютасының орташа бағамы 7,03 теңгеге өсіп, 442,61 теңгені құрады.
Өткен апта соңында доллар 6,65 теңгеге көтеріліп, Ұлттық банктің 7-11 мамырдағы ресми бағамы 434,47 теңге болған.
Айта кетері, Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 441,81 теңгеге сатып алуға дайын.
Ал сату бағасы – 444,75 теңге.