ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 мамыр – Sputnik. Алматы облысында ұлын өлтірді деп айыпталған 69 жастағы зейнеткер қамауға алынды.
Полицияның мәліметінше, отбасылық трагедия Қаратал ауданында болған, 7 мамырда Дойыншы ауылындағы жеке үйлердің бірінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Оны пышақтап өлтірген.
Жәбірленушінің 69 жастағы әкесі қылмысты жасады деген күдікке ілінді, оны тәртіп сақшылары кіші ұлының үйінен тапты. Ол кісі өлтіргенін мойындап отыр.
Қария ұлының үйіне отбасы мәселелерін талқылауға келген, бұл кезде ұлы әйелімен жанжалдасып жатқан.
"Ол жанжал шыққан кезде келінін қорғағанын айтты. Осыдан кейін мас баласы жұдырық ала жөнелген, ал ол асхана пышағымен жауап қайтарған", - дейді Қаратал ауданы полициясының бастығы Рауан Әбдірайымов.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Криминалистер оқиға орнынан қылмыс құралын тауып, тәркілеп, қылмыстық іс материалдарына тіркеді.