Оқиға

Өскемен тұрғыны көпірден секірмек болды – құтқару сәтінің видеосы

Оқиға бүгін таңғы уақытта болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Өскеменде 23 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Көпір арқылы өткен көлік жүргізушілері тосқауылдың арғы жағына өтіп алған қызды көріп, полицияға хабар берген.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер барған. Қыз қолымен тосқауылды ұстап, көпірдің шетінде тұрған. Мамандар онымен сөйлесіп көріп, рациямен қайықты шақырып қойған. Олар ыңғайлы сәтті пайдаланып, қыздың қолынан ұстап қалған. Кейін тартып алған.
Бойжеткенді дәрігерлер алып кеткен.
Өңірлер
Атырауда жүкті әйел көпірден секірді – видео