НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстанда адамдарға қасқыр шапты.
Оқиға 7 мамырда Шоқыбай ауылында болған, деп жазады "Мой ГОРОД" басылымы.
Үш ересек адам және бір бала зардап шекті. Олардың барлығы аудандық ауруханаға жеткізілген.
"Оларға антирабиялық сарысу егілді. Бала мен екі ересек адам үйге жіберілді. Әйел стационарлық ем қабылдап жатыр", - деді аудан әкімдігінде.
Қасқырды өлтірген, енді жыртқышта құтыру ауруының болған-болмағаны тексеріледі. Сондай-ақ, қасқыр тістеген иттер де өлтірілген.
Ауыл тұрғындары қасқырды қаңғыбас ит деп ойлап қалғаны айтылып отыр.