Сурдлимпиадада Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

Аян Әбдіраш пен Жақып Нұрдәулет төрт кездесуден өткізіп, үздік үштіктің қатарына енді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Сурдлимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар екі қола медаль иеленді.
Ту ұстаушы Аян Әбдіраш (58 кг) пен Жақып Нұрдәулет (68 кг) төрт кездесуден өткізіп, үздік үштіктің қатарына енді, деп хабарлады "Хабар 24".
Бұған дейін отандастарымыз Олжас Рысжанов пен Айжамал Әбдіқатова пумседен Сурдлимпиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді.
Салтанатты іс-шарада еліміздің көк байрағын Самсунда (Түркия) өткен XXIII жазғы Сурдлимпиаданың чемпионы, әлем чемпионатының және көптеген халықаралық турнирдің жүлдегері таеквондошы Аян Әбдіраш алып шықты.