Оқиға

"Қызылға" өтіп кеткен: Нұр-Сұлтанда түнде жол апатынан бір адам көз жұмды

"Toyota Camry" көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза болды, тағы бірнешеуі зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 8 мамырға қараған түні 02:40-та болды.
Toyota Camry Сембинов көшесімен келе жатқан. Кенесары көшесімен қиылыста ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан "Mercedes-Benz" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. "Toyota Camry" жүргізушісі мен "Mercedes - Benz" жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Елордалық полиция жүргізушілерге жолда мұқият болу және жол ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.
Өңірлер
Алматы облысында болған жол апатынан екі адам көз жұмды