НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанға Мәскеу Кремлі жанындағы Белгісіз сарбаз қабірінен Мәңгілік алаудың бір бөлшегі –"Есте сақтау алауы" жеткізілді.
"Мәңгілік алау – бұрынғы Кеңес Одағының барлық ұлты мен мемлекетінің өз бостандығын қорғаған әрбір сарбазының ерлігін еске алудың символы. Нұр-Сұлтанда Мәскеуден әкелінген алаудан үш шам жағылды. Әрбір осындай шам ортақ естелігіміздің символына айналады", - деді акцияны ұйымдастырушы Александр Жуков.
Нұр-Сұлтанға Белгісіз сарбаз қабірінен Мәңгілік алаудың бір бөлшегі –"Есте сақтау алауы" жеткізілді
© Sputnik / Владислав Воднев
Мәңгілік алаудың оты Ресейдің 17 аймағынан бөлек 12 елге жөнелтілді. Акцияны Ресейдегі ең ірі қоғамдық қозғалыс – Бүкілресейлік халық майданы ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтанға Белгісіз сарбаз қабірінен Мәңгілік алаудың бір бөлшегі –"Есте сақтау алауы" жеткізілді
© Sputnik / Владислав Воднев
Акция алтыншы рет, биыл халықаралық деңгейде алғаш рет өткізіліп отыр. "Есте сақтау алауы" эстафетасына Нұр-Сұлтан қаласының жастар бірлестіктері, іздестіру жасақтары, еріктілер қолдау көрсетті.
Нұр-Сұлтанға Белгісіз сарбаз қабірінен Мәңгілік алаудың бір бөлшегі –"Есте сақтау алауы" жеткізілді
© Sputnik / Владислав Воднев
Мәскеуде "Белгісіз сарбаздың қабірі" мемориалы Кремль қабырғасының жанындағы Александр бағында орналасқан. Архитектуралық ансамбль 1967 жылы үш сәулетші мен бір мүсіншінің жобасы бойынша салынған.
Монумент Ресей мәдени мұрасының объектісі, сондай-ақ әскери даңқтың жалпыұлттық мемориалы мәртебесіне ие болды.