НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанның екі өңірінде 8 адам коронавирус жұқтырды.
Нұр-Сұлтанда 4 адамның коронавирусқа қарсы тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, Алматы қаласында да 4 адам індетке шалдыққан.
Қалған өңірлерде коронавирус жұқтырған адамдар анықталған жоқ.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 305 592 адамнан коронавирус табылды.
7 мамырдағы жағдай бойынша республикада вакцинаның 1-ші компонентін 9 489 564 адам, 2-ші компонентін 9 254 951 адам салдырды.