НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында бір үйдің екі баласы тереңдігі 1 метр шұңқырдағы суға батып кетті, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Қайғылы жағдай Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында дәретхана үшін қазылған шұңқыр нөсер жаңбырдан соң суға толып кеткен.
Ата-әжесінің үйіне келе жатқан 10 жасар ер бала және 14 жасар қыз бала байқаусызда әлгі шұңқырға құлап, шыға алмай қалған.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды және құдық немесе қазылған шұңқыр бетін жауып кетуді сұрайды.