Өңірлер

Байқоңырда Ұлыбритания мен Беларусь азаматтары ұсталды

Полиция шетелдіктердің "Буран" кешені маңында не істеп жүргенін анықтап жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Байқоңырда Ұлыбритания мен Беларусь азаматтары ұсталды.
7 мамыр сағат 21.10 шамасында Байқоңырдағы "Оңтүстік" ғарыш орталығынан 112 ұшыру алаңы маңынан (қазақстандықтарға тиесілі "Буран" кешені) Ұлыбритания азаматы Рич Бенджамин мен Беларусь азаматы Алина Целюпаның ұсталғаны туралы ақпарат түсті.
Бұл туралы "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин хабарлады.
Қазір екеуі де Байқоңыр ішкі істер басқармасында отыр. Тергеу жүріп жатыр.