НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр - Sputnik. Павлодарда мұражайдың қақпасына Отан қорғаушылар күніне арналған баннер ілінді. Онда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің ауыр - Tiger танкі салынған.
Баннердің суреті жергілікті пабликте пайда болды. Желі қолданушылары "сауатсыздық, не деген қателік" деген пікірлерін жазуда.
Кейбіреулер баннер дизайнері жас болғандықтан, әскери техникадан бейхабар деген болжам жасады.
Қазіргі уақытта баннерді алып тасталды, деді қаланың ішкі саясат бөлімі.