НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау (референдум) комиссиясы республикалық референдумды өткізуге бөлінетін қаржы мөлшерін әлі есептеп жатыр.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Орталық референдум комисссияның құзыреті бізге тек жарлық жарияланғаннан кейін берілді. Жарлықтың шыққанына бір түн ғана өтті. Біз қазір шығынның болжамды сметасын жасап жатырмыз. Бізге барлық аумақтық комиссияның өз қажеттіліктерін нақтылағаны маңызды. Оның үстіне референдум туралы заң бойынша науқан уақыты бір айдан кем емес, үш айдан аспауы керек. Президент бір айлық мерзімді белгіледі. Сондықтан сметаның пысықтауды қажет ететін тұстары бар", - деді Мұстафина Орталық сайлау коммиссиясында өткен брифингте.
Бұл сметаға не кіреді:
учаскелік сайлау комиссияларына материалдық-техникалық жағдай жасау;
баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді әзірлеу;
науқанды ақпараттық сүйемелдеу; референдум өткізуге тартылған комиссия мүшелерінің жалақысы.