АЛМАТЫ, 6 мамыр — Sputnik. 6 мамырға қараған түні Маңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін төрт мектеп пен бір балабақша су астында қалды.
Мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді
© Photo
Мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлады облыстың білім басқармасы.
"5 мамырда оқушылар қатты жаңбырдан кейін мектепке бара алмай қалды. Осыған байланысты Жаңаөзен қаласының Рауан кентіндегі №22 жалпы білім беретін мектепте, №9, 21, №23 мектептерде, сондай-ақ Рахат ауылындағы №12 балабақшада оқу процесі уақытша онлайн форматқа ауыстырылды", - делінген хабарламада басқарма хабарламасында.
Сондай-ақ, Қарақия ауданының Бостан ауылындағы Қарақұдық мектебінің оқушылары да қашықтан оқиды.
Жаңаөзен қаласының әкімдігі 5 мамырда жаңбыр суын сору үшін 12 арнайы техника жұмылдырылғанын хабарлады. 6 мамыр, жұмада бұл іске 19 "Өзенмұнайгаз", 2 "Өзенмұнай Инвест", 6 "Өзенмұнай сервис", 3 "бұрғылау" және 4 төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы шығарылған.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарда жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр
© Photo
Әкімдік қызметкерлері бірінші кезекте әлеуметтік нысандарда жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, көше ағындарынан су алу және ағынды суларды топырақпен жабу жұмыстары қолға алынған.