Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Жаңа бапкердің кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа бапкердің кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді. Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады.
Соның ішінде "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс" бар. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастаған. Содан бері "Ахмат", "Анжи" мен "Чайка" командаларын жаттықтырды.
Адиев 2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар, қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.