Фото

Фуд-фотографтар байқауындағы ең әсерлі суреттер жарияланды

Pink Lady Food Photographer of the Year фотобайқауында кім жеңімпаз атанғанын суреттер топтамасынан көріңіз
Sputnik
Pink Lady Food Photographer of the Year – бүкіл әлемдегі тағам мен азық-түлікке қатысы бар сәттер мен заттарды суретке түсіруге дағдыланған фотографтар қатысатын байқау. Жыл сайын байқауға тағам, сусын, азық-түлік, дастархан мен әлем халықтарының тағамға қатысты дәстүрлері бейнеленген суреттер ұсынылады.
Суреттер түрлі категорияда таныстырылған: олар үйлену тойы немесе отбасылық дастархан басындағы суреттерден бастап ұялы телефонға түсірілген кадрларға дейін қамтиды. Байқауға кәсіби мамандармен қатар жас дарындар да қатысты.
Бұл жылы қазылар алқасы әлемнің 70 елінен келіп түскен мыңға жуық туындыға баға берді. Үндістан фотографы Дебдатта Чакраборти түсірген Kebabiyana деп аталатын сурет "Стритфуд" категориясында жеңімпаз атанды. Байқауға ұсынылған басқа да әсерлі суреттерді топтамадан тамашалаңыз.
1 / 21

Үнді фотографы Дебдатта Чакраборти түсірген кебаб сатушының суреті биылғы Pink Lady Food Photographer байқауында жеңімпаз атанды. Кеш сайын үйлер арасындағы тар көшеде көмір пешіне вазван кебабтары пісіріліп, айналаны тәбет ашатын хош иіс жайлап кетеді

2 / 21

Оңтүстікафрикалық фотограф Маргерит Оэлофсе түсірген "Simba чипсының қорабын ұстаған гүл сатушы" атты сурет

3 / 21

Қытай фотографы Чен Ин бір отбасының күріш немесе бұршақ салынған тұшпара дайындау барысын Цяньлянь ауылындағғы шағын шаруа үйінде түсіріп алды. Олар қызыл қамырға "сәттілік" немесе "бақыт" сөзін жазу үшін ағаш баспаны қолданып, тұшпараны үлкен ыдыста дайындайды

4 / 21

Pink Lady Food Photographer of the Year байқауында жеңген "Лимон қосылған бәліш" атты суреттің авторы – нидерландиялық фотограф Изабель Хаттинк. Бұл суретте үйлену тойындағы тортты кесу сәтінде қабағын шытып тұрған әйел бейнеленген

5 / 21

"Армандар қайда ұшып кетеді" атты сурет. Бангладештің Дакка қаласындағы Чад-Уддан атты лас ауданда кішкентай қыз әпкесімен бірге су алып жатыр

6 / 21

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі фотограф Манджу Джисто түсірген "Банан гүлі" деп аталатын сурет Pink Lady Food Photographer байқауында жеңді

7 / 21

Ұлыбритания фотографы Джон Кери қолынан шыққан "Үстел үстіндегі тағам" атты туынды. Лондондағы Ritz қонақүйіндегі дәмханада тағам адамдардың көз алдында "сахналанған үлгіде" жиі дайындалады

8 / 21

Италия фотографы Паоло Крочетта түсірген "Ауыл шаруашылығы өнері" атты сурет

9 / 21

"Анчоустарды аулау" деп аталатын бұл суретті вьетнам фотографы Тиен Нгуен Нгок түсірген. Вьетнам асханасындағы дәстүрлі балық тұздығын дайындау кезінде анчоустар негізгі шикізат ретінде қолданылады

10 / 21

Неміс фотографы Анна Лорейн Хартманн түсірген "Шөп сатушы әйел" атты суретте адам толы базар ішінде жымиған кейіпте табиғи өнімдер сататйын әйел бейнеленген

11 / 21

Ұлыбритания фотографы Майк Инглиш өзі түсірген суретке "Қызыл батпақай" деген атау берді

12 / 21

Ұлыбританиядағы фотограф Джон Вайанд бұл байқауда мінсіз жеңімпаз атанды. Ол байқауға Бургундияда жүзім алқабында жеміс бұталарын кесу барысын түсірген

13 / 21

Ұлыбританиядағы фотограф Кася Цисельска-Фабер Лофотен аралдарындағы кептірілген балықтарды суретке түсірді. Ауа температурасы нөлден сәл төмен болғандықтан, балықтар тұз бен ыссыз-ақ қақталып тұр. Бұл аймақтағы климат таза ауада қақталған балық дайындауға аса қолайлы

14 / 21

Бангладештегі фотограф Фейсал Азим түсірген "Жұмыстан кейінгі ас" деп аталатын сурет "Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы" категориясында жеңді. Фотографтың айтуынша, кірпіш зауытының жұмысшылары түнге дейін шаң-тозаңда, денсаулыққа зиян келтіретін ортада еңбектеніп жатыр. Олар үйлерінен алып келген астарын жеп алу үшін ғана кішкене үзіліс жасайды

15 / 21

"Паста және бұйра шашты балақай" атты суретті Нидерландтағы фотограф Ремко Краайевельд түсірді

16 / 21

Болгария фотографы Юрий Васильевтің "Орталық саябақ" атты суреті. Оның айтуынша, бұл азық-түлік және асханадағы жабдықтардың көмегімен құрастырылған "Шағын әлем" атты жобаның бір бөлігі

17 / 21

Ұлыбритания фотографы Аманда Фарнезе Хит түсірген "Арман үстелі" атты сурет. Үстел басына дастарханнан ирис кәмпиттерін, алма мен торт болуын армандаған балалар жиналды

18 / 21

Ұлыбритания фотографы Ким Бейнбридж түсірген "Шәугім" атты сурет "Жылдың үздік студент фуд-фотографы" атты категорияда жеңді

19 / 21

Үнді фотографы Индиго Лармур түсірген сурет "Чхат Пуджаға арналған құрбандық" деп аталады

20 / 21

"Ұнтақ жармасынан дайындалған ботқа бетіндегі жеміс-жидек" атты суретті неміс фотографы Кэролин Строте түсірген

21 / 21

Қытай фотографы Чан Цзянбиняьтүсірген сурет "Кеспе қозғалысы" деп аталады