Видео

Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне "Естелік тақтасы" ашылды

Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында Ішкі істер министрлігінің Мемориалдық кешені ашылды
Sputnik
Мемориалдық кешен Жеңістің 77 жылдығына орай және Отанын қорғап, ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері – қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынды.
“Отан үшін от кешкен бабалардың рухына қызмет жасау – әрқашан да біздің парызымыз. Толқынды толқын қуады дейді. Қазақ айтады “тұлпардың дүбірін естімеген тай арғымақ бола алмайды” деп. Сондықтан бүгінгі іс-шара – болашақ ұрпаққа үлгі. Еліміздің тыныштығын, құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауға бүкіл күш-жігерімізді саламыз”, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.