Доллар едәуір қымбаттады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434,47 теңге болды. Айта кетері, Ұлттық банк 6 мамырдағы доллардың ресми бағамын 427,80 теңгекөлемінде бекіткен еді.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орташа 437,53 теңге сатып алынып, 443,27 теңгеден сатылып жатыр.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 437,75 теңгеден сатып алынып, 441,97 теңгеден сатылуда.