НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде көпқабатты үйдің балконы өртенеп, 60 адамды эвакуацияланды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылында орналасақан үйдің 4-қабаттағы балконынан шықты.
Өртті сөндіруге 57 адам 10 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер шақырту түскен соң өрт орнына бес минутта жеткен. Үйден 60 адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Департамент мәліметінше, өрт тек балкондарды шарпыған.