Оқиға

Ақсуда кондиционер орнататын жұмысшы биіктіктен құлады

Ер адам ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді
Sputnik
ПАВЛОДАР, 6 мамыр – Sputnik. Ақсу қаласында кондиционер орнататын ер адам биіктіктен құлады, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жазатайым оқиға бейсенбі, 5 мамыр, сағат 16.40-та болған. Қалалық кеңселердің бірінің 22 жастағы жұмысшысы Астана көшесі, 52 мекенжайы бойынша кондиционерге сұйықтық толтырмақ болған. Сол кезде үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
Ер адам ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға
Оралда кондиционер орнатып жатқан ер адам 9-қабаттан құлап кетті