Оқиға

Шымкентте тротуарда тұрған екі оқушыны көлік қағып кетті

Жеңіл автокөлік тротуарға шығып, бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған екі мектеп оқушысын қағып кетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Шымкентте Hyundai жүргізушісі тротуарға шығып кетіп екі оқушы қызды қақты. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Жүргізуші әйел басқа көлікпен соқтығыспауға тырысып, тротуарға шығып кеткені белгілі болды. Осы кезде қиылыста екі оқушы бағдаршамның жасыл сигналын күтіп тұрған. Оқиға 5 мамыр таңертең әл-Фараби көшесіндегі алтыншы емхананың алдында болған, деп жазады Otyrar.kz.
Көлік қыздарды қағып кетіп, бағанаға соғылған. Бастауыш сынып оқушылары балалар ауруханасына жеткізілді.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес ("Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі ережесін бұзуы адамдардың денсаулығына зиян келтiруге алып келуі") хаттама толтырылған. Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.
Өңірлер
Ақтауда ер адам жүріп келе жатқан көліктің бамперіне тұрып алды - видео