Оқиға

Полиция Алматыдағы төбелес видеосына қатысты түсініктеме берді

Тексеру барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінің бақылауында
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 мамыр — Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов екі ер адам төбелесінің видеосына қатысты түсініктеме берді.
Видеоны сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші түсірген болуы керек. Полиция бұл оқиға 3 мамыр тіркелгенін хабарлады. Жанжалға қатысушылар анықталды.

"Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін қажетті дәлелдемеле жедел жиналып, тіркеледі. Бұл Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды", - деп атап өтті Рустам Әбдірахманов.

Ол сондай-ақ тексеру барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінің бақылауында екенін хабарлады.