Орталық сайлау комиссиясы референдумды ұйымдастыруға кірісті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. 6 мамырда Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының конституциялық референдумды ұйымдастыру мәселелері бойынша бірінші отырысы өтеді, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.
"2022 жылдың 6 мамырында сағат 11.00-де Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді. Онда 5 маусымға белгіленген республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері қаралады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі референдум 5 маусымда өтетінін мәлімдеді.