НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллардың бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Күндізгі сауда кезінде АҚШ валютасының орташа бағамы 427,80 теңгені құрады. Осылайша, доллар тағы 9 теңгеге арзандап отыр.
Бұған дейін Ұлттық банк 5 мамырға доллардың ресми бағамын 436,85 теңге көлемінде бекіткен болатын.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау пунктері долларды 431 теңге сатып алып жатыр. Ал сату бағасы – 434 теңге.