НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен 16 жастағы мектеп оқушысы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдіктілер – 16 жастағы оқушы қыз бен оның 19 жастағы танысы абақтыға қамалды", - деді полиция департаменті.
Ұсталғандар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Басқа ақпарат қылмыстық істі тергеу аясында жария етілмейді.