Танымал вайнер жауапкершілікке тартылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) әлеуметтік желіде видео жариялағаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Вайнер көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тексеріс жүргізу тапсырылғанын хабарлады.
"Құқық бұзушы анықталды – 29.12.1987 жылы туған Т. деген азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы екінші бөлігінде (Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау) қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деді Рустам Әбдірахманов.
Вайнерге 10 АЕК (30 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.