Украиналық әскерилер Макеевкадағы ірі мұнай базасына оқ атты

Sputnik
Украина Қарулы күштері Макеевкадағы ірі мұнай базасына артиллериялық снарядпен оқ атты. Бұл туралы қала әкімшілігі мәлімдеді.
Донецк халық республикасының өңірлік қорғаныс штабы хабарлағандай, Макеевкадағы мұнай сақтау базасында әрқайсысында 5 мың тонна мұнай сақталған 4 резервуар жанып жатыр.