НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Солтүстікте көктем кешігіп жатыр – бұл аймақта алдағы күндері салқын ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
"Солтүстік облыстарда суық ауа райы болады. Солтүстік-батыс антициклоны түнгі ауа температурасын қайтадан төмендетеді", - деп жазылған 5-7 мамырға арналған болжамда.
Бұл уақытта оңтүстік облыстарға Өзбекстан аудандарынан жылы ауа массаларының келуі жалғасып, өңірдегі ауа райы сақталады.
Елдің батыс өңірлерінде осы екі ауа ағындарының түйісуі нәтижесінде жауын-шашын, кей жерлерде найзағай мен екпінді желі бар ауа райы болады.