Экономика

Қазақстан мен Германия министрліктерінің өкілдері энергетика мәселелерін талқылады

Іс-шараның негізгі мақсаты – сектораралық энергия тиімділігін арттыру, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту сияқты тақырыптарды талқылау
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. 4 мамырда Энергетика министрлігі Германияның Экономика және климатты қорғау Федералдық министрлігімен бірлесіп, "Қазақстан-Германия" энергетикалық диалогы шеңберінде жұмыс тобының отырысын өткізді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ тараптар екі елдің энергетика саласын дамытудың өзектілігін атап өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сектораралық энергия тиімділігін арттыру, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту сияқты тақырыптарды талқылау.
Жол картасы шеңберінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Германия арасында "Энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы" меморандумға қол қойылған болатын.
Отырысқа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" АҚ, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ, сондай-ақ "Ядролық физика институты" РМК өкілдері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының энергетика саласының перспективалық бағыттарын дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.