Оқиға

Ақтауда жылу желісі жарылды - тұрғындар түсірген видео

Кейбір үй тұрғындары сусыз қалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Сәрсенбіде Ақтаудағы "Москвичевский" көлікке қызмет көрсету станциясының аймағында жылу желісі жарылды. 22 шағын ауданның бірнеше үйі ыстық сусыз қалды.
Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады "Каспий жылу, су арнасы".
Ақтау тұрғыны бірнеше метрге атқылаған ыстық суды видеоға түсірді, деп жазады Lada.kz.
"Қазіргі уақытта су тоқтатылды. Суды сорып аламыз, содан кейін себебін анықтап, жөндеуге кірісеміз. Әзірге 22 шағын ауданның бірнеше үйіне су жеткізілмей жатыр", - деді мамандар.