АЛМАТЫ, 3 мамыр — Sputnik. Полиция қызметкерлері есінен танып қалған кәмелетке толмаған қызға көмектесті. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 сәуірде патрульдік полиция батальоны жолда кенеттен есінен танып қалған қызды байқаған. Оған бірден полиция қызметкерлері Айдын Әбдірахманов пен Еламан Әбенов келіп, алғашқы көмек көрсеткен.
Кейін кәмелетке толмаған қыз эпилепсия салдарынан есінен танып қалғанын айтқан. Полиция қызды үйіне апарып, ата-анасына тапсырды.
Қыздың әжесі полицияға алғысын білдіріп, оларға жұмыста сәттілік тіледі.