Мәдениет

Тоқаев театр актері Олег Лиді "Барыс" орденімен марапаттады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино әртісі, режиссер Олег Лиді ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
Марапат театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
"Театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры" РМҚК актері Олег Сафронович Ли ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген Ақорда жариялаған жарлықта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Олег Сафронович Ли 1942 жылы 4 мамырда Өзбекстанда туған. Кеңес және қазақ театр және кино актері, театр режиссері. 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды. Шығармашылық жолында қырықтан астам картинаға түскен.