НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мерекелік жиын өтеді. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент алдымен 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік жиынға қатысады.
"6 мамырда "Қазақстан" орталық концерт залында Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы әскерилерді, қарулы күштердің ардагерлерін, "Жас сарбаз" қозғалысының өкілдерін, басқа да әскери құрылымдарды, қала тұрғындары мен қонақтарды мерекемен құттықтайды", - деді Борамбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал 9 мамырда республика бойынша Жеңіс күніне арналған шаралар өтеді. Даңқ ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылады. Ал президент Отан қорғаушы монументіне барады.
Бұдан бөлек, соғыс ардагерлері тұратын қарттар үйлері мен тұрғын үйлерде мәдени шаралар ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтандағы "Керуен" ойын-сауық орталығы да мәдени бағдарлама ұсынады.
7 мамырда Есіл өзенінің жағалауында Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 толуыны орай үлкен концерт ұйымдастырылады. Оған "Жас сарбаз" балалар студиясының әртістері, әскери бөлімдердің шығармашылық топтары және жас патриоттар қатысады.