Экономика

"Қазақтелеком" қызметі қымбаттай ма

Бізде қызмет көрсету құны қазірдің өзінде әлемде ең төменгі бағаның бірі болып отыр, деді компания басшысы
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев компания қызметтерінің бағасы және өндірістік қызметкерлердің кірісін арттыру жолдары туралы айтты.
"Қазақтелеком" өз қызметкерлерінің тиімділігін арттыру арқылы олардың кірісін ұлғайтуды және көрсетілетін қызметтердің санын көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Есекеев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
"Бізде қызмет көрсету құны қазірдің өзінде әлемде ең төменгі бағаның бірі болып отыр. Нарық бәсекеге қабілетті, сондықтан бағаның күрт өсуі болмайды деп ойлаймын. Қызметкерлердің табысы олардың тиімділігін арттыру арқылы ұлғаяды. Яғни, баға емес, қызмет саны артады", - деді Есекеев.
Ол "Қазақтелеком" бірнеше қызмет түрін көрсететіндіктен, олардың санын көбейтуге мүмкіндік бар екенін атап өтті. Компания осылайша кірісін арттыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" компания қызметкерлерінің табысын арттыру үшін Қазақстандағы жолаушылар тасымалының құны өсу ықтималдылығына қатысты пікір білдірді.
"Қазақтелеком" басшысы Есекеев ұсталған жоқ – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет