НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Банк ЦентрКредиттің" "Альфа банк" мәртебесін иеленуге келісім берді, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу агенттігі.
Ақпаратқа сәйкес, БЦК" АҚ Альфа-Банктің 100% дауыс беретін акцияларын сатып алуды және Альфа-банктің "БЦК" АҚ-қа қосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар "БЦК" АҚ-тың Альфа банктің капиталына кіруі клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін оны қосымша өтімділікпен қолдауға мүмкіндік береді.