Өткен демалыста Нұр-Сұлтанда фонтандар іске қосылды – енді елорданың барлық аумағындағы субұрқақтар қызыл-жасыл шамддардың "ырғағымен" аспанға қарай атылып, жанға жағымды салқын сыйлап тұр.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, осы жылы әкімдік 200-ден астам қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында аулалар, саябақтар, көпір астындағы бос аумақтар бар.
Бұған дейін бас қалада 500-ге жуық осындай орынның сәні келтірілген.
Көлгінов жыл сайын қаладағы саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған түрлі рекреациялық кеңістік арта түсетінін айтты.
Астаналықтар демалыс күндер жиі серуендейтін орындардың қазіргі кейпін суреттер топтамасынан көріңіз.