Нөгербек Қазыбек жылдам шахматтан әлем чемпионы болды

Тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов 14 жасқа дейінгі санатта қола жүлдегер атанды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстандық Нөгербек Қазыбек Грекияның Родос аралында өтіп жатқан World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирінде рапидтен әлем чемпионы атанды.
"Жаңа ғана World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирі аясындағы соңғы тур аяқталды, онда біздің шәкіртіміз Нөгербек Қазыбек бірінші орынды жеңіп алып, 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц турнирде сәттілік тілейміз", - делінген орталық шахмат клубының жазбасында.
Сондай-ақ клуб чемпионның блиц-турнирге де қатысатынын хабарлады.
14 жасқа дейінгілер арасында тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов қола жүлдеге ие болды.
Турнир Грекияның Родос аралында 1 және 2 мамырда өтті.