Қоғам

Ербол Назарбаев қызметінен босатылды

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан біржола шығарылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде терезесі қараңғыланған көлікті полицейлер тоқтатқаны туралы видео жарияланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары ол Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаевқа тиесілі екенін жазды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқиғаға түсініктеме беріп, Ербол Назарбаевтың жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.
"2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Ал 14 сәуірде ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан біржола шығарылған.