НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.
Басты тақырып екіжақты ынтымақтастық мәселелері және энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы және басқа да салалардағы бірлескен жобалар бойынша жұмыс жоспарлары болды.
Еске сала кетейік, екі премьер-министр бұған дейін наурыз айында телефон арқылы сөйлескен болатын.
Үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.