Қоғам

Қазақстанда Рамазан айында балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Қазақстандықтар жиі таңдайтын есімдер арасында Айсұлтан, Айша, Әлихан және Раяна бар
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанда қасиетті Рамазан айында Рамазан есімді 1 085 ұл және Медина есімді 430 қыз дүниеге келді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұлдар арасында ең көп таралған есімдер рейтингінде екінші орында Айсұлтан тұр. Бұл есім 248 ұлға қойылды. Үздік үштікке Әлихан есімі енді – мұндай есім 174 ұлға берілді.
"Қыздар арасында ең көп таралған есім Медина болды. Сәуір айында жаңа туған 430 нәрестеге осы ат таңдалды. Екінші орында – Раяна (383 қыз). 343 қызға берілген Айша есімі үшінші орынға ілікті", - делінген Ұлттық бюро ақпаратында.
Биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталды. Екінші мамыр күні мұсылмандар Ораза айт мейрамын атап өтіп жатыр.
Ораза айт мерекесінде қандай амалдар жасау керек