АҚШ-та құйын үйлердің тас-талқанын шығарды – жантүршігерлік видео

Табиғи апат жүздеген ғимаратты қиратып, 15 мыңнан астам адам жарықсыз қалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Канзас штатында демалыс күндері соққан алапат құйынның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Жергілікті Kansas.city басылымының хабарлауынша, кей жерлерде бұршақ жауған. Төрт адам жеңіл жарақат алды. Апаттың ауқымдылығына қарамастан, қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ.
Алайда құйын жолындағы жүздеген үйді қиратып кетті. Билік кейбір аудандарды қалпына келтіруге ондаған миллион доллар қажет екенін мәлімдеді.
Келтірілген шығынның нақты көлемі анықталып жатыр.
Губернатор Лаура Келли қатты зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялады.